Болашақ 1-сынып оқушыларын мектеп өмірімен таныстырды.

Бүгін мектебімізге "Жұлдыз" балабақша бүлдіршіндері қонақта болды. Бастауыш сынып мұғалімдері болашақ 1-сынып оқушыларын мектеп өмірімен таныстырды. Бүлдіршіндер сабақтарға қатысып, 1-сынып оқушыларымен бірге суреттер салып, есептер шығарып, әртүрлі ойындар ойнады. Мектеп мұражайында бүлдіршіндер өздері жаттаған Абай өлеңдерін жатқа айтып берді.