Бракераждық комиссиясы 2024.01

Жаңа оқу тоқсанының бірінші аптасында мектептің бракераждық комиссиясы мектеп асханасына тексеру жұмысын жүргізді. Тексеру мақсаты: мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде сапасыз өнімдерді пайдалануды болдырмау және асхананың жұмысына бақылау жасау;
Бұл іс – шараға бастауыш сыныптардың 3-сынып ата-аналары қатысты. Жұмыс барысында асхана меңгерушісі Гүлмира Қуанышевна ата-аналарды асхананың жұмыс барысымен, әр өнім сақталатын қоймалармен, жұмыс цехтарымен таныстырды. Балаларға берілетін тағамдар өлшеніп, әр тағамның салмағы тексерілді. Тексеру актісі толтырылып, таныстырылды.