Бүгін дәстүрлі республикалық ”Ақберен” байқауының қалалық іріктеу кезеңінен біздің оқушылармыз жүлделі орынға ие болды.

Бүгін дәстүрлі республикалық ”Ақберен” байқауының қалалық іріктеу кезеңі өтті. Нәтижесінде “Ұлттық аспапта ойнау” номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Құлажан Қарақат Бас жүлде, жетекшісі Ардақ Төлеубайқызы; “Ақындар айтысы” бойынша 10-сынып оқушысы Мысалбек Назар Бас жүлде, жетекшісі Дәулет Серікұлы; “Эссе жазу” номинациясы 8-сынып оқушысы Мұратжан Аружан ІІ орын, Жетекшісі Айжан Ботанқызы; “Көркем сөз оқу” номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Төлеген Томирис ІІІ орын, жетекшісі Айнұр Зейнуллиновна; “Шешендік өнер-білгірлік сайысы” номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Арғынбаева Ұлпан ІІІ орын, жетекшісі Айгерім Біржанқызы. Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!!! Жеңімпаздарға алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз! Жетекшілерге мың алғыс