«Ділмар» шешендік сайысы
Бүгін мектебімізде 5-10 сыныптар арасында алғаш рет «Ділмар» шешендік сайысы өтті. Оқушылардың шешендік өнерін дамытып, тілдік қорын молайтып, тұлғалық жағынан дамуға бағытталған іс-шара ойдағыдай жүзеге асырылды.
Шешендік өнер байқауына әдебиет сыншысы, «Алаш» халықаралық сыйлығының иегері Амангелді Кеңшілік, алаштанушы ғалым Заңғар Тілеуғазыұлы және «Ділмар» шешендік өнер сайысының 2022 жылғы жеңімпазы Ұлпан Арғынбаева қазылық етті.
Сөз сайысының барлық кезеңдерін сақтап, үздік өнер көрсеткен оқушылар анықталды. Нәтижесінде орта буын бойынша, 5-7 сыныптар арасында Намазбай Бейбарыс (жетекшісі Нұрболат Нұрланұлы). 8-11 сыныптар арасында сайыста жарқырай көрінген шын жүйріктер Әлихан Рахимбаев (жетекшісі: Заңғар Тілеуғазыұлы) мен 11 сынып оқушысы Сейфуллин Насихат (жетекшісі: Айсұлу Сапарқызы) І орынды жеңіп алды. Бұл оқушылар республикалық сайысқа жолдама алды.
Жеңістер құтты болсын!