"Достық" олимпиадасы

Бүгін біздің Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия, А.Сейдімбеков атындағы №54 мектеп-лицей және №8 мектеп-лицей оқушылары арасында "Достық" олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты
- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру және республикалық пәндік олимпиаданың кезеңдеріне дайындау.

Жетекшілерге де Достық олимпиадасының мақсаты, жүргізілу барысы ұнап, алдағы уақытта жиі өткізуге ұсыныс білдірді. Бұл олимапиаданың өтуі оқушылар мен жетекші мұғалімдердің білімдерін арттыруға және іс-тәжірибелерін жетілдіруге, бөлісуге немесе ұсынуға үлкен мүмкіндік береді. Төрт мектептің жетекші мұғалімдерінің келісуімен келесі "Достық" олимпиадасы А.Сейдімбеков атындағы №54 мектеп-лицейінде өтетін болды.