"Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін"

Бүгін Астана қаласы Ақселеу Сейдімбек атамыздың мектебінде Тіл басқармасының ұйытқы болуымен "Қара шаңырақ" ұлтты тәрбие беру мектебі қаламыздағы 12 мектептің басын қосты. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА арналған ізгі шара "Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін" атты тақырыпта өтті. Байқаудың алғашқы бөлімінде Ұлт ұстазының әдеби мұрасы төңірегінде қойылым қойса, екінші бөлімде қойылымды басшылыққа ала отырып Ахмет атаға арнап монолог оқыды. Жүзден жүйрік атанған мектебіміздің жас дарындары Алмас, Әлихан, Іляс, Досмұхаммед бастаған оқушыларымыз БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Жетекшісі Дәулет Серікұлына шығармашылық табыс тілейміз. Абай болып толғанатын, Ахметтей ойланатын жалынды жастарымыздың қатары арта берсін.