"Ең үздік команда-2022"

Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ (қалалық) кезеңінің марапаттауы өтті.
Мектебіміз мамандандырылған мектептер арасында "Ең үздік команда-2022" номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Естеріңізге салсақ, аталмыш байқауда І,ІІ,ІІІ орын алған 13 оқушымыз бәйгеде оза шауып жеңіс тұғырынан көріне білген.
Ұстаздары қадірлі, шәкірттері дарынды Абай мектебі жасасын!