“ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА-2023”

Абай мектебі “ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА-2023” атанды.
2023 жылдың 2 наурызында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің концерт залында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.
2022-2023 оқу жылындағы олимпиаданың қалалық кезеңіне 1555 оқушы қатысып, 93 жеңімпаз және 621 жүлдегер I, II, III дәрежелі медаль, дипломдармен марапатталды.
Бүгінгі марапаттау салтанатында олимпиада жеңімпаздарының ұстаздары мен тәлімгерлері де құрмет пен қошеметке бөленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Ұшқыр ой мен терең білімдеріңіз, нұрлы ақылдарыңыз сіздерді толағай табыстарға жетелесін!