Эстафеталық ойындар

Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында дене шынықтыру пәні мұғалімі Ишанкулов Бауыржан Нармұратұлы бастауыш сыныптар арасында эстафеталық ойындар өткізді. Эстафеталық ойындар ойнату арқылы оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануын және төтенше жағдай кезінде ептілікке үйрету мақсатында өткізген эстафеталық жарыста оқушылар белсенділік танытты.