ІІ Республикалық «Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы...» шешендік өнер байқауының нәтижесі

14 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы «Әдістемелік орталығы» МКҚК және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталықтың қолдауымен желілік Абай мектептері арасындағы ІІ Республикалық «Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы...» шешендік өнер байқауы өтті.
Айгүл Оңдағанқызы ауыспалы эстафетаны Мәшһүр-Жүсіп еліндегі Абай мектебіне табыстады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов жас өрендерге ақ тілегін білдірді. Аламан бәйгеге қатысатын жас сөз шеберлеріне ақ батасын берді. Абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы Абай мұрасына қатысты тың ақпараттармен бөлісті. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы ізгі тілегін білдірді.

Ерғазы Манапұлы, Ұларбек Нұрғалым, Ұшқын Сейдірахман сынды сөз қадірін түсінетін тұлғалардан қазылар алқасы құрылып, әділ төрелігін жасады. Әр жұптың сайысынан кейін жеке-жеке пікір айтылып, қатысушыларға баға берілді. Шешендік өнер байқауының соңы марапаттау рәсімімен аяқталды. Мектебіміздің жас дарындары Сейфуллин мен Әлихан да бақ сынап, сөз додасында көпшіліктің көңілінен шықты. "Сөз бастау қиын деп" дана халқымыз бекерге айтпаған. Мектебіміздің оқушысы Сейфуллин байқаудың бас жүлдесіне ие болды. Әлихан оқушымыз да үздік өнер көрсетті. Жетекшілері: Айсұлу Сапарқызы мен Заңғар Тілеуғазыұлын шын жүректен құттықтаймыз! Шешендік сөз додасының қорытындысы төмендегідей:

Бас жүлде
Астана қаласы Насихат Сейфуллин, жетекшісі А.С.Жумабаева.
І орын
Жамбыл облысы Болатбек Балауса, жетекшісі Г.М.Шегебаева;
Алматы қаласы РММИ Елемес Ақерке, жетекшісі Ж.Сәленұлы.
ІІ орын
Алматы қаласы РММИ Тілеген Нұрай, жетекшісі Ж.Сәленұлы;
Орал қаласы Қабиболла Жайна, жетекшісі А.Г.Кисымова;
Көкшетау қаласы Сашкақызы Камила, жетекшісі М.Б.Муратов.
ІІІ орын
Орал қаласы Демеу Маржан, жетекшісі К.Т.Утупова;
Абай облысы Ғазиз Айзере, жетекшісі Ж.А.Қабыланбекова;
Қызылорда облысы Бауыржан Бибінұр, жетекшісі Г.Т.Тебегенова;
Петропавл қаласы Есмағамбет Әсия, жетекшісі А.О.Уапов.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@rspc_daryn
@abai_rmmi