"Мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы"


"Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру аясында мектебіміздегі мектепалды сынып тәрбиеленушілерімен және ата-аналардың қатысуымен "Мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы" атты мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды білуге арналған ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Ұйымдастырылған іс-әрекетте ата-аналар мен балалар үш топқа бөлініп, мақал-мәтел, жаңылтпашты жатқа айтумен, жұмбақ шешумен жарысты. Ата-аналар балаларға ұсынған мақал -мәтелдерді ұлттық ойын ойнау арқылы жатқа айтуды үйретті. Мұндай іс-шаралар мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын күшейтуге ықпалын тигізеді.