«Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы...» шешендік өнер байқауы өтті.

14 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы «Әдістемелік орталығы» МКҚК және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталықтың қолдауымен желілік Абай мектептері арасындағы ІІ Республикалық «Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы...» шешендік өнер байқауы өтті. Мақсаты мен міндеті: шешендік өнер арқылы білімгерге сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгерту, жүйелі сөйлеу дағдысы мен сөйлеу шеберлігін шыңдау; сөз құндылығын бағалауға, тарихи-мәдени және ұлттық болмысын тануға, этномәдени тәрбие беруге, сол арқылы әдеби тіл нормасына сәйкес мемлекеттік тілді қолданудың жаңа деңгейін қалыптастыру. Абай мектептер арасында ең алғаш Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында өтті. Екінші мәрте Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында 14 наурыз күні өткізілді.
Сағат 09.00-ден КӨРІСУ мерекесімен басталып, наурыз көже, бауырсақ таратылды. Ұлттық киім мен ұлттық аспапта мектеп өнерпаздары төменгі қабатта өз өнерлерін көрсетті.
@abai_rmmi
@bilimastana
@rspc_daryn
@astana_adistemelik_ortalyq
В
идеоға сілтеме https://youtube.com/shorts/BH0g4cTZedI