«Қазақстан Халқының Бiрлiгi » күнi аясында бiрыңғай сынып сағаты

Дүйсенбі - 1 мамыр «Қазақстан Халқының Бiрлiгi » күнi аясында 5-11 сыныптарда бiрыңғай сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету.