“Қажымұқан” атындағы күрес залының ашылу

Мектебімізде “Қажымұқан” атындағы күрес залының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Қазақ күресі - азаматтың байрағы мен айбары екені әуелден ақ белгілі. Қажымұқан атамыз қазақ елін әлемге танытқан даңқты палуан. Қазақ күресі Ассоциациясының атқарушы директоры Естек Ерлан мырза шараның шымылдығын ашып берді. Ассоциациясының менеджері Бекбосынов Дамир жас спортшыларымызға сәттілік тіледі. Күрес залының жаттықтырушылары Сағындық пен Нұрсұлтан ағаларымыз шәкірттерінің өнерлерін боз кілемде көрсетті. Болашақта мектеп тұжырымдамасына сәйкес “Абай барысы” күресін өткізу де жоспарымызда бар.