«Киелі мекен» 2024

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бойынша «Киелі мекен» тақырыбындағы апталыққа қолдау білдіріп, сенбілікке қатысты.
Елордаға көрік қана емес, рух беріп тұрған тұғырдың бірі – қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың ескерткішінің маңайына тазарту жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке Абай мектебінің 70 оқушысы, 15 мұғалімі қатысты.
Сенбілік соңында оқушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдерін, қарасөздерін оқып, ұстаздар жас ұрпақты қаланы таза ұстауға, табиғатқа қамқорлық көрсетуге шақырды.

@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq