"Кітапханаңа кітап сыйла!"

Мектеп кітапханасында жоспарға сай үздіксіз жалғасып отыратын ерекше "Кітапханаңа кітап сыйла!" акциямызға белсенді түрде оқушыларымызбен қатар ата-аналарымыз өз қалауымен қатысуда. Осының дәлелі ретінде кітапхана қоржынын Қасым баспасының керемет 6 кітабымен толықтырған 5-сынып ата-анасына үлкен алғыс білдіреміз. Ата -аналардың қолдауымен Оқуға құштар мектеп жобасы аясында, әр сынып кітап сыйлай отыра сол кітаптарды жарыса оқып талдап жүр.
#оқуғақұштармектеп
#БҒМ
#білімберудіжаңғырту