«Құндылықтарға негізделген тәрбие»
Бүгін мектебіміздің Абай кiтапханасында еркін форматта, ұлттық тәрбие аясында «Құндылықтарға негізделген тәрбие» тақырыбында кiтап жанашыры Айнұр Бұлақбайқызы мен Жанар ханыммен кездесу ұйымдастырылды. Айнұр Бұлақбайқызы адам бойындағы рухани қабат пен психологиялық қабаттың айырмашылығын тарқатып айта келіп, қазiргi кезде адамдардың рухани қабатының төмендеп жатқандығын түрлі кiтаптан алынған мағлұматтар арқылы дәлелдi дәйектермен оқушылардың санасына жеткізді. Артынан «Алқа» әдеби-мәдени клубының жетекшісі, мәдениеттанушы Таңсық Жанар оқушылармен диалог форматында жалғастырып, мендiк сана және елдік сана тақырыбында ой қозғап, Алаш арыстарының жүрген жолын үлгі ете отырып, ұлт үшін қызмет жасаудың және жауапкершілік деген сөздің маңыздылығын сөз етті.