Мектеп асханасының жұмысын бақылау

Мектеп асханасының жұмысын бақылау және оқушылардың тамақтану деңгейіне мониторинг жүргізу мақсатында 2023 жылдың 27 қыркүйегі күні бракераждық комиссия жұмысы ұйымдастырылды.
Комиссияның жұмысы Бракераждық комиссия туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылды, жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
Бракераждық комиссия айына 1 рет асхана жұмысын бақылап, нәтижесі акт түрінде рәсімделді.
Оқушылардың уақытылы тамақтанып, сабақтарына үлгеруі үшін тамақтану кестесі және тамақтану барысында тәртіп сақтауы үшін әкімшілік қатарынан кезекшілік құрылған.
