Мектеп ішілік олимпиада

2022 жылдың 28 қазан күні 5-6 сынып оқушыларына арналған мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету, оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, дарынды балаларды анықтау және республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне іріктеу жасау. Оза шыққан дарынды оқушыларға сәттілік тілейміз!