Мектептің ән ұраны

Абай мектебінің әнұраны
Авторы: Жалелов Дәулет Серікұлы
Жалелов Даулет
Ән ұранның әуені
Терең ойлап басатын алға үш қадам,
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған.
Талап, еңбек, терең ой жүректерінде,
Абай жолы біздерді алға бастаған.

Ұстаздары қадірлі,
Шәкірттері дарынды.
Дос тұтатын бәріңді,
Абай мектебі!

Өмір көші мың сынақ,
Білім сая күн шуақ,
Қазағыма шам шырақ,

Абай мектебі!

Ақ қағазбен қолыма қалам аламын,
Абай сөзін жүрекке қалап аламын.
Өзіңді өзің танисың, Абайды оқысаң,
Махаббат пен достықты бағалағаның.

Ғылымды да табасың Абайды оқысаң,
Орынды да табасың Абайды оқысаң.
Толық адам боласың жүрегі таза,
Нұрлы ақылды көңілге мәңгі тоқысаң.