«Мен жастарға сенемін» атты VІ республикалық оқушылар айтысы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Алматы қаласында өткен «Мен жастарға сенемін» атты VІ республикалық оқушылар айтысында оқушымыз Мисалбек Назар жақсы өнер көрсетіп, арнайы алғыс хатпен, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Айтыс - сөз барымтасы екені ертеден белгілі. Қарсыласымен жақсы айтыс жасап, көрермен көзайымы атанды. Назардың болашағы әлі алда. Белгілі айтыскерлер Айтақын Бұлғақов, Ринат Зайытов төрелік еткен айтыста оқушымыз көрерменнің қошеметіне ие болды. Баптаушысы Даулет Серікұлына алғыс білдіреміз.