«Менің болашақ мектебім»

Бүгін мектебімізде педагогикалық «SABAQTASTYQ» жобасы аясында №28 балабақша тәрбиеленушілеріне арналған «Менің болашақ мектебім» атты ашық есік күні өтті. Іс- шарада 1-сынып ұстаздары өз оқушылары мен тәрбиеленушілерді топтастырып сабақтар өткізді. «Спорт – біздің серігіміз» тақырыбында эстафеталық ойындар ұйымдастырып, тәрбиеленушілерді мектеп өмірімен таныстырды. Сонымен бірге, мектеп кітапханасында тәрбиеленушілер «Достық шеңбері» атты тренингке қатысып, ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар жасады. Іс-шара соңында 1-сынып оқушылары өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын және аспазшылардың дайындап берген тәттілерін үлестіріп берді.