Оқу жаттығу өтті
Мектепте төтенше жағдайлар мен терроризмге қарсы қауіпсіздік оқу жаттығу өтті🚨
12 мамыр күні сағат 12:00-де ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетің
хабарлауы бойынша терроризмге қарсы оқу жаттығу өтті.
Өрт жағдайындағы эвакуациялық жаттығу өткізу тәртібі
Жаттығуды басқару штабының бастығы А.Тулебаева
Орындаған: Касенова Бакыткуль Сериковна
12 мамыр күні сағат 12:00-де ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетің
хабарлауы бойынша терроризмге қарсы оқу жаттығу өтті.
Өрт жағдайындағы эвакуациялық жаттығу өткізу тәртібі
Басшының іс-қимылдары | Оқытушылардың (сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің) іс-қимылдары |
Оқып үйренушілердің (балалардың) іс-қимылдары |
1 | 2 | 3 |
Дайындық кезеңі | ||
Басшылық және оқытушы құрамның кеңесінде өрт жағдайындағы эвакуациялық жаттығуды дайындау және өткізку туралы бұйрық жеткізіледі. |
Сынып жетекшілері оқушыларды ғимараттан, сыныптардан жақын орналасқан қауіпсіз аумаққа эвакуациялау жоспарын анықтайды. Сыныптың жетекшісі өз сыныбын (класын) дайындайды және өрт жағдайындағы эвакуациялық жаттығубарысында оқушылардың іс-қимылдарыноқытушылардың барлық жеке құрамына көрсетеді. |
Мектепте өрт пайда болған кезде халықтың іс-қимылдары туралы жадынамаларды, буклеттерді зерделейді. Ғимараттан шығу маршрутын, мектеп аумағында сыныптардың орналасу орындарын анықтайды. Өзара көмек көрсетуге үйренеді. Мақта-дәке таңғышты ықтимал қолдануға дайындайды (қолданады). |
Басшылық, делдалдар оқушылармен жаттығулардың өткізілуін бақылайды, оларды жүргізуге практикалық көмек көрсетеді. |
Сынып жетекшілері сабақтан тыс уақытта (үзілісте) әрбір жаттығуға сайысуға күш және ойын элементтерін беріп,практикалық жаттығулар өткізеді, оқушылардың іс-қимылдары саналы, сауатты болуына қол жеткізеді. | Өрт кезінде іс-қимылдарды пысықтауға қатысады (класс). |
Штаб бастығы азаматтық қорғау құралымдарының командирлерімен бірге өрт салдарын жоюға қатысты құралымдардың жұмысқа әзірлігін анықтайды. |
Құтқару тобының, санитарлық посттың, өрт сөндіру буынының командирлері, қоғамдық қауіпсіздіктің қорғау тобтары жеке құрамды, жұмысқа әзірлігін анықтайды. функционалдық міндеттерді, жарақтандыру тәртібін анықтайды, адамдарды құтқару, өрт сөндіру, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрстеу бойынша практикалық сабақтар өткізеді. |
|
Өрт жағдайындағы эвакуациялық жаттығуда оқытушы құрам мен оқушылардың практикалық іс-қимылдары | ||
Сабақтар басталғанға дейін білім беру ұйымының басшысы басшылық және оқытушы құрам кеңесінде жауапты тұлғалардыңөрт жағдайындағы эвакуациялық жаттығуды жүргізуге дайындығы туралы (қысқаша) тыңдайды, уақытын, жаттығудың практикалық бөлігін пысықтауға белгіленген сигнал беру тәртібін анықтайды, делдалдармен мен басшылық құрам үшін орын анықтайды. |
Алғашқы сабақ жүргізетін барлық оқытушылар оқушыларға өрт туындағаны, осы сигнал бойынша оқушыларың іс-қимылдарын, ғимараттан шыққан соң жиналатын орын туралы белгіленген сигналды қысқаша еске салады. жаттығуды жүргізу кезінде шараларды сақтауға назар аударады. |
Әрбір оқушы алдын ала ықтимал қолдану үшін мақта-дәке таңғыш дайындап, қалтасына салады. |
Сабақ аяқталғанға 2-3 минут қалғанда үлкен үзіліс алдында өрт пайда болғаны туралы белгіленген сигнал беріледі. |
Сабақ өткізетін оқытушылар «Өрт»деп хабарлайды. |
Оқушылар мақта-дәке таңғыш киеді, команда түскен кезде сыныптан шығуға дайын |
Басшылық құрам оқытушылар мен оқушылардың іс-қимылдарын бақылайды. |
Оқытушылар «эвакуация» командасын береді. Сынып оқушылары белгіленген қауіпсіз жерге орналасқан соң оқытушы сынып журналы бойынша балалардың бар-жоғын тексереді, нәтижесін директорға хабарлайды. Азаматтық қорғау құралымдарының командирлері адамдар ғимараттан шыққан соңқұралымның жеке құрамының жиынын хабарлайды, штаб бастығы арқылы оларды жарақтандырады және ғимаратта қалған адамдарды құтқаруды, өрт сөндіруді, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді, қоғамдық қауіпсіздікті ұйымдастырады. |
Оқушылар ұйымдасқан түрде үрей тудырмай оқытушы (тәрбиеші) командасы бойынша ғимараттан тез шығады және қауіпсіз аумақта сынып үшін белгіленген орындарға тұрады. Қажет болса, зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамы ғимаратта қалған адамдарды құтқаруға, өртті жоюға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға қатысады. Өрт сөндіру буынының бірі жалпы электр сөндіргішті тоқтан ажыратады. |
Өрт жағдайындағы эвакуациялық жаттығуды қорытындылау | ||
Мектеп директоры тұрақты құрамның кеңесінде орынбасарларды, делдалдарды (қысқа түрде) тыңдайды, өрт болған жағдайда эвакуациялық жаттығуды қорытындылайды, оқытушылардың іс-қимылдарын талдайды, анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсынымдар береді, оқытушыларға жеке талқылау жүргізуге уақыт белгілейді |
Оқытушылар эвакуациялық жаттығуды қорытындылау бойынша кеңесте олардың іс-қимылдарына, анықталған кемшіліктеріне баға береді, оларды жоюдың жолдарын көрсетеді, сыныптарда жеке талқылау өткізу үшін құжаттар дайындайды. |
|
Азаматтық қорғаныс бастығы – білім беру ұйымының басшысы аудандық (қалалық) төтенше жағдайлар бөліміне өрт болған жағдайда өткізілген жаттығутуралы есеп (мәлімдеме) ұсынады. |
Өрт кезінде эвакуациялық жаттығулар өткізетін оқытушылар директор белгілеген уақытта оқушылармен жеке талқылау өткізеді. |
Оқушылар өрт болған жағдайда эвакуациялық жаттығу жүргізу кезіндеөздері жіберген қателіктерді анықтайды және келесі жаттығу барысында оларды жояды. |
Жаттығуды басқару штабының бастығы А.Тулебаева
Орындаған: Касенова Бакыткуль Сериковна