“Өнерлінің өрісі кең” -2023

“Эстетика” бірлестігінің он күндігі аясында өткен “Өнерлінің өрісі кең” байқауы өз мәресіне жетті. Қатысушы ұстаздар мен оқушылар жоғары деңгейде өз өнерлерін ортаға салып, көрерменнің ықыласына бөленді. Сондай-ақ кешімізде белгілі әнші-сазгер Данияр Сағынтаев, айтыскер ақын Данияр Алдаберген және журналист Лаура Қосылбай қонақ болды.