Оразкүл Асанғазықызы апайымыз мектебімізге арнайы келді

“Құрмет”, “Парасат” ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазықызы апайымыз мектебімізге арнайы келді. 3,6,7-сынып оқушыларымен еркін түрде әңгімелесіп, бүгінгі оқушы қандай болуы керек деген сұраққа жауап берді. Оқушылардың ойландырар сұрақтарына өз тілдерінде жауап беріп, ерекше әсер сыйлай білді. Одан бөлек, ашық есік күніне келген ата-аналар да Оразкүл ханымның әсерлі әңгімесін тыңдады.