«Отбасы құндылығы- сарқылмас қазына»

Мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтарының жұмысы аясында «Отбасы құндылығы- сарқылмас қазына» тақырыбында бірыңғай ашық есік күні ұйымдастырылды.
Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін іс-шарада 7 аймақ жұмыс жүргізді.
Ата-аналардың отбасылық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында өткізген іс-шараға ата-аналар мектеппен ынтымақтастығы оң септігін тигізді.
1-аймақ. «Отбасындағы тәрбие бастаулары» атты Q-TALKS бастауыш сынып ата-аналары қатысып, бала тәрбиесі жайлы ойларымен бөлісті.
2-аймақта «Отбасылық құндылықтар қобдишасы» атты тренинг өткізілді. Мектеп психологтары Ж. Жунусова мен М. Қыдырмолдина отбасындағы тәрбие - өте маңызды рөл атқаратындығын және мектеп пен ата-ана байланысын нығайту, өзара серіктестік орнату, ата-ананың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыра отырып, ата-аналар мен мұғалімдердің арасындағы байланысты нығайту мақсатында ортақ мәселелер талқыланды.
3-аймақта Әкелер мектебі «Отбасы-адамдағы ең бастылек үстел өткізді. Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке алар орны жайлы айтылды.
4-аймақ. «Қызға қырық үйден тыю, қалса күңнен және бір тыю» тақырыбында Workshop –та Аналар мектебі қыз балаларды тәрбиелеудегі халқымыздың ізгі қасиеттерін бойларына дарыта отырып тәрбиелеу жайлы пікір алмасып, ойларын ортаға салды.
5-аймақта «Шежіре күні» аясында аталарымыз бен әжелеріміз салт- дәстүрімізді дәріптеп, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты дамыту мақсатында салт-дәстүрлеріміз насихатталды. Қазыналы қарттарымыз салт-дәстүріміз жайлы айтып, әннен шашу шашты.
6-аймақ. «Отбасы бақытының негізі - отбасы құндылықтар» сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері ата-аналармен оқушылардың оқу-тәрбиесі жайлы әңгімелесу өткізді.
«Наурызым мерекем, Наурызым берекем» атты 7 аймақта қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру көзделді.

@oqu_aqartu_ministirligi
@astana_adistemelik_ortalyq