2023 жылдың 7 сәуірінде Астана қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы №76 мектеп- лицейінің кординаторлары SHARE жобасы бойынша отырыс өткізді. Аталған шараға мектебіміздің ұстаздары қатысып, іс-әрекетті зерттеудің деректерін жинау, зерттеуші-ұстаздың қасиеттері, этикалық нормалар, АВС сұхбат жүргізу ерекшеліктері туралы тың ақпараттар алды. Мектебіміздің ұстаздары ойда жүрген сұрақтарына жауап алып, жоспарларымен бөлісті. Алдағы уақытта жоба бойынша үйрету семинарлары жалғасын таппақ. Жобаны ұйымдастырушы Әлихан Бөкейханов атындағы №76 мектеп- лицейінің кординаторларына алғыс білдіреміз! @astana_adistemelik_ortalyq @76school_lyceum