Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік

Бүгін 2023-2024 оқу жылында қабылданған мұғалімдерге «Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік» - тақырыбында әдістемелік шеберлік сағаты өтті. Директордың бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Жалелқызы оқуға қажетті дағдыларға тоқталды. Сабақ мақсатына сай саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен қалыптастырушы бағалаудың дұрыс жүргізілуін мектеп тренері Г. Кожахметовна түсіндіріп өтті. Биология пәнінің мұғалімі Ә.Нұрланқызы «Сандық білім беру-заманауи оқытудың кілті» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөліссе, физика пәнінің мұғалімі А.Мұсақызы жас мамандарға күнделік бойынша ақпарат берді. Жұмыс соңында жас мамандар жетекшісі Ә.Біржанқызы тағайындалды. Мұғалімдерге қолдау көрсету, әдістемелік көмек беру алдағы уақытта жалғасбақ...