"Туған жердің балдырған ұланымыз, Әдептілік, батырлық ұранымыз "
"Туған жердің балдырған ұланымыз, Әдептілік, батырлық ұранымыз " деген тақырыпта бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. 3- сынып оқушылары " Бастауышым- балбұлағым" деп мәнерлеп өлең оқып, әсем ән шырқап, мың бұралып билеп, күмбірлете күй тартып, біліммен қатар өнерден де құр алақан емес екендіктерін көрсетті. Абайдың " Шегіртке мен құмырсқа" аудармасын кезектесе айтты. Онкүндік барысында өтілетін шаралармен оқушыларды таныстыра отырып, әр шараға белсенділік таныту керектігі айтылды