"Түлек -2023" астеттат алу кеші

11-сынып оқушыларының астеттат алу кеші📍
Бүгін мектебімізде 11-сынып оқушыларының аттестат алу кеші өтті. Биылғы дәстүрлі кешіміздің қорытындысы ауыз толтырып айтарлықтай ерекше, себебі Мемлекеттік емтихан нәтижесі бойынша екі түлегіміз Айтжанов Алмас пен Асембаева Меруерт “Алтын белгі” иегерлері атанып отыр.
Мектепті толық 54 оқушы бітірсе, оның 3-еуі “Қызыл аттестатқа” ие болды.

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.

Ақ жол, жас түлек!