"Тұлғалардың ізімен" атты қайымтанушы, білікті ұстаз Ербол Іргебайдың құрметіне арналған аймақтық оқушылар айтысы өтті.

Айтыс деген өлеңнің майданындай, сынға тілді болмайды найза қылмай"деп ақындарымыз айтпақшы. Бүгін Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында "Тұлғалардың ізімен" атты қайымтанушы, білікті ұстаз Ербол Іргебайдың құрметіне арналған аймақтық оқушылар айтысы өтті. Айтыскерлер бір бірімен үзеңгі қағыстырып, сөз маржанын теріп, ұрпаққа өнеге боларлықтай асыл сөз айтып, өнер жолында бір майдандасты. Бұл айтыстан үкілеп қосқан жүйрігіміз қара үзіп, Мисалбек Назар 2-ші орын иеленді. Назардың әлі талай асу асатынын айта отырып, жетекшісі: Дәулет Серікұлына шын ниетпен шәкірті мен биіктерден көріне беруін тілейміз!
@bilimastana
@astana_daryny