"Уақыттан озған қиялдар" атты көрме

Мектебімізде ғылым күніне орай "Уақыттан озған қиялдар" атты көрме ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары жобаларын ұсынып, қызықты идеяларымен бөлісті. Сонымен қатар әр бірлестік дарынды оқушыларымен заманауи үлгіде макеттер, ұшақ түрлерін, роботтар, зияткерлік ойын түрін жасаған. Ғылымның жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында өткен көрме қызықты көріністерді тамашалауға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта «Болмасаң да ұқсап бақ ... » тақырыбында жас ғалымдар көрмесімен жалғасын таппақ...