ҰБТ-ға психологиялық дайындық -2024

2024 жылдың 24 қаңтар күні 11 сынып оқушыларына ҰБТ-ға психологиялық дайындық жұмысы жүргізілді. Мақсаты – күйзеліс жағдайларын жеңе білу, өзіне сенімділікті арттыру.
Психологиялық тұрақтылыққа арналған жаттығулар жасалды. Емтиханға дайындықты ұйымдастырудағы лайфхактар кеңесі берілді. Ақпаратты қабылдау түрлерін анықтауға арналған экспресс-тест орындалып, аудиал, визуал, кинестетика және дигитал түрлеріне талдау жасалды.
Зейінге және жұмыс өнімділігіне арналған тест-жаттығуы орындалды.