"Ұмытылмас күн"-2023

Мектебіміздің мұғалімдері Заңғар Кәрімхан мен Данияр Ихсан "Ұмытылмас күн" атты барлық мектеп оқушыларына дәріс өткізді. Жарты сағат сайын мәжіліс залының көрермендері ауысып, азалы күннің мән-мағынасымен тереңірек танысты. Әр жиынның соңында жақсы сұрақ қойған оқушыларға алаш тақырыбындағы кітаптар табыс етілді.