«Ұрпаққа аманат»

Бүгін «Amanat» партиясы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясындағы «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісі Абай мектебінде өтті. Осы орайда ұйымдастырылған тарихи-танымдық іс-шараға «Қазақ газеттерінің» Бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы, абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы, алаштанушы Ұшқын Сәйдірахман қатысып, оқушыларға дәріс оқыды. Аталмыш іс-шара еркін форматта өтіп, оқушылар ұлтымыздың аса көрнекті тарихи тұлғалары хақында біршама ақпараттар алды.
Қоғамдық дәріс Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мәшhүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына және Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай ұйымдастырылған.



