«Үздік авторлық бағдарлама» қалалық конкурсы

2022 жылдың 31 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын елордалық үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында өткен Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының қалалық кезеңінен І орынды биология пәнінің мұғалімі Касымова Ләзім Талғатқызы, ІІІ орынды география пәніннің мұғалімі Мукатаева Айжан Мауытқазықызы жеңіп алды.
Жеңістеріңіз құтты болсын!