"Үздік мұғалім-2023"

Бүгін біздің Абай мектебінде сүйінші жаңалық! "Үздік мұғалім-2023" байқауының республикалық кезеңіне дейін алқынбай жеткен әріптесіміз, ақын, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектебіміздің мақтанышы Дәулет Серікұлы Жәлел 1-орынды жеңіп алды.
Мықтылардың мықтысы сайысқа түскен ақтық додада ол Абай мектебінің заманауи моделі тақырыбындағы тың идеяларымен көзге түсіп, еңбегі бағаланып жатыр.
Бәрекелді дейміз, құтты болсын! Оза шапқан оғлан жүйріктің алдағы келешегіне бақыт пен шаттық, шығармашылық жетістіктер тілейміз! Жаса, ұлт мектебінің жүрегі - Абай мектебі! Атақ-мәртебең асқақтай берсін!
@bilimastana
@astana_daryny