«Заманауи мектеп келбеті: сабақтастық, жаңашылдық» қалалық семинар

Бүгін Астана қаласы Әдістемелік орталығы және А. Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы қаланың жас директорларына тәжірибе алмасу мақсатында «Заманауи мектеп келбеті: сабақтастық, жаңашылдық» тақырыбында қалалық семинар өткізді. Төрт бөлімнен тұратын ауқымды іс-шаралар кешенінде таныстыру, эксперименттік алаң, көшпелі көрме, еркін пікір алмасу ТеDx алаңы ұйымдастырылды. Сондай-ақ семинар барысында оқушылардан құралған Абай театры ұлы ақын шығармашылығынан философиялық мазмұнда сахналық қойылымды кәсіби деңгейде ойнап шықса, 200-ден астам бастауыш оқушылары «Ғылым таппай мақтанба...» өлеңін жатқа айтып берді.