"Заң және жасөспірім" -2023
Бүгін Полиция Департаментінің Байқоңыр аудандық полиция басқармасы Криминалдық полициясының аға жедел уәкілі полиция майоры Алихан Сағатбекұлы Құсайын және криминалист маманы полиция подполковнигі Аян Болатбекұлы Қошқаров, мектеп менеджері Гулмира Шойынбекқызы Байкеновамен бірлесе оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 8-9 сынып оқушыларына "Заң және жасөспірім" тақырыбына дәріс өткізді. Сондай-ақ қылмыстық қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын төмендету мақсатында, яғни оқушылар қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауапкершіліктерді сезініп, алдағы уақытта осы сынды құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік көзделгені туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.