“Жасампаз - жас маман” қалалық семинар

Бүгін нақты пәндер бірлестігінің апталығының негізінде “Жасампаз - жас маман” жас мамандарға арналған қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Білім саласындағы жаңа идеялар мен жаңалықтарды қолдана отырып, тәжірибе алмасу. Аталмыш семинарда Астана қаласының әдістемелік орталығының математика бөлімінің әдіскері Қанымай Өзбекбаевна және қала мектептерінің жас мамандары қатысты. Семинар теориялық және практикалық бөлімнен тұрды.